29 жастағы жігіт туған әпкесін балағаттаған ер адамды жақ сүйегінен бір рет соққан.
ERNUR.KZ. Оқиға Алматы облысындағы Бақтыбай ауылында болды. Полицейлер мәліметінше, бұрын бірге тұрған тұрғынның үйіне мас ер адам келіп, оны балағаттап, сыртқы есікті аш деп айғайлаған. Мұны естіген әйелдің ағасы ер адамды жеке әңгімеге шақырып, оны жақ тұсынан ұрып құлатады. Ер адам сол жерде қаза болған, деп жазады Tengrinews.kz.
Полицейлер Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Бақтыбай ауылының 31 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйітте ұрып-соғу белгілері барын көрген.
"Оқиға орнына жеткен полицейлер Жәпек батыр ауылының 29 жастағы тұрғынын ұстады, ол туған әпкесін балағаттаған ер адамды жақ сүйегінен бір рет соққан. Ер адам сол жерде құлап, басын асфальтқа ұрған. Осыдан кейін күдікті ес-түссіз жатқан ер адамды үйге әкеліп, жедел жәрдем шақырған", - деді Іле аудандық Полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.