Әлеуметтік желіде көлікке байланған иттің бейнежазбасы тарады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде оқиғаның Алматы облысы Жандосов ауылында болғаны айтылған, жазады inform.kz.
– Жандосов ауылы. Итті көлікке байлап қойып сүйреді. Ит тұншығып қалды. Тоқтатып, оны босатқыздық. Бастығы осылай шығартырып қойды, - делінген бейнежазбада.
Алматы облысының Полиция департаментінде аталған жағдай бойынша күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
– Күдіктіні Қарасай ауданының полицейлері анықтап, ұстады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады облыстық ПД.
Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласындағы ескі гараждар бұзылып, орнына басқа нысандар салынатынын жазғанбыз.