Алматы облысында қамыстан қант шығарылады

0
2 956

Қызылшамен салыстырғанда қамыстан қалдық аз шығады.


Алматы облысында қамыстан қант шығарылады

ERNUR.KZ. Алматы облысында қамыстан қант шығарылмақ. Құмшекер шығаруға еліміздегі қамыстар жарамайды. Шикізат Бразилия мен Мексикадан әкелініп жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Автоматтандырылған қондырғылар Австрия, Украина, Швеция және Германия елдерінен жеткізілген. Қамыстан өндірілетін қант Көксу зауытында қолға алынды. Бұған дейін бұл зауыт қант қызылшасын өңдеп келген еді. Қазіргі күні зауытта қамыстан күніне 300 тонна ақ қант өндіріліп жатыр. Қызылшамен салыстырғанда қамыстан қалдық аз шығады екен.

«Қамыс пен қызылшадан өндірілетін қанттың құндылығы мен бағасы бірдей. Алайда, қамысты өңдеу процесі тез. Сонымен қатар, шикізаттан 99 пайыз өнім шығады. Зауыт шілде айына дейін қамыс қантын шығармақ. Көксулық диқандар қант қызылшасын өсіруді жалғастыра береді», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл 2600 гектар алқаптан 100 мың тоннаға жуық тәтті түбір алу жоспарланған. Жалпы Көксу қант зауыты биыл 60 мың тонна қант шығарған. 2023 жылға қарай облыс еліміздің ақ қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз етпек.