Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

0
168

Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды.


Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.», - делінген хабарламада.