Алматы облысында мас жүргізуші баланы қағып, ізін жасырған

0
886

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Байтерек ауылы маңындағы жанар май құю бекетінің маңында болған.


Алматы облысында мас жүргізуші баланы қағып, ізін жасырған

ERNUR.KZ. Алматы облысында 51 жастағы ер адам 9 жастағы баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Қазір түрлі дене жарақатын алған жасөспірім ауруханада жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Байтерек ауылы маңындағы жанар май құю бекетінің маңында болған. 25 маусым күні кешкісін жаяу жүргінші жолағында 9 жастағы баланы қағып кеткен. Зардап шеккен жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушінің «Нива Шевролет» маркалы машинаны тізгіндегені анықталды. Жедел-іздестіру барысында 51 жастағы күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында күдіктінің ішімдік ішкені анықталды. Ер адам ұсталып, Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.