Кадрлардан патрульдік көлік алдындағы көлікті соққаны көрінеді.
ERNUR.KZ. Алматы облысында полицейлер әйел мен бала отырған көлікті соғып, жол апатын жасады. Желіде куәгерлердің видеосы пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.
Кадрлардан патрульдік көлік алдындағы көлікті соққаны көрінеді. "Неге арақашықтықты сақтамайсыздар, онда балалар бар ғой!" – деген дауыс естіледі.
Бұл оқиғаға қатысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Hyundai Elantra және Toyota Ipsum көліктері ЖКО ұшырады. Оқиға 27 маусымда Алматы-Жандосов тасжолының 25-шақырымында болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерге механикалық зақым келген. Жол апатына кінәлі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.