Алматы облысында шекарашылар мінген жүк көлігі жарға құлап кеткен

0
318


Алматы облысында шекарашылар мінген жүк көлігі жарға құлап кеткен

ERNUR.KZ. Алматы облысында Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі маңында төмен түсіп келе жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жүк көлігі апатқа ұшырады, деп жазады tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы келе жатқан көлікке соқтығысудың алдын алмақ болғанда, жолдан шығып кетіп, жарға құлаған.

Ақпаратты ҰҚК баспасөз қызметі растады.

"Ауыр жарақат алғандар жоқ, шекарашылар медициналық көмек алды. Әскери қызметшілер ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. ЖКО дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.