Алматы облысында сот залынан қашқан күдікті 13 күннен кейін қолға түсті

0
195

1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдікті Ақши ауылында ұсталды.


Алматы облысында сот залынан қашқан күдікті 13 күннен кейін қолға түсті

Фото: Алматы облысы полициясы

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы облысында 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдікті Ақши ауылында ұсталды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің бағытын анықтап, оның жасырынып жатқан орнын тапқан.

— Арнайы бөлім сарбаздарының көмегімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Бұған дейінгі негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін де Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды, — деп мәлімдеді Полиция департаменті.