Алматы облысында тауға шыққан 11 жасөспірім адасып кеткен

0
335

Таңертең жастар қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан.


Алматы облысында тауға шыққан 11 жасөспірім адасып кеткен

Бүгін Алматы облысының Турист шыңында (3954 м) құтқарушылармен 11 жасөспірім табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ТЖМ мәліметінше, таңертең жастар қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шықты.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты.

Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар қалған жасөспірімдерді таба алды.