Алматы облысында үшінші жер сілкінісі тіркелді

0
1 607

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 78 км қашықтықта орналасқан.


Алматы облысында үшінші жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциясы желісімен 18 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 09: 12-де кезекті жер сілкінісі тіркелді, деп жазады kaz.nur.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 78 км қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы 9.6. MPV Магнитудасы 4.9 . Тереңдігі 20 км.

Қапшағай қаласында 2-3 баллда сезілуі туралы мәліметтер бар.

Департаменттің мәліметінше, жағдай нақтыланды. Қираулар мен зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұл 18 тамыз күні болған үшінші жер сілкінісі. Бірінші толқынды Талдықорған, Жанкент және Алматы облысы Кеген ауданының тұрғындары 5 сағат 7 минутта сезінді.

Эпицентр Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым жерде болған. Екінші рет жер сілкінісі 6:38-де оңтүстік астанадан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде тіркелді.