Алматы облысында зауыт жұмысшысы жантүршігерлік жазатайым оқиғадан қайтыс болды

0
139

​Марқұм 42 жаста болған.


Алматы облысында зауыт жұмысшысы жантүршігерлік жазатайым оқиғадан қайтыс болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. «Байсерке Агро» ЖШС жұмысшысы конвейердің шұңқырына түсіп қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция қызметкерлері еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«3 желтоқсанда «Байсерке Агро» ЖШС-де болған жағдайдың нәтижесінде, кәсіпорынның 42 жастағы қызметкері алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады», - деп хабарлады полициядан.