Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды

0
512

Жаңа камераларадың ерекшелігі – жоғары дәлдік пен сапалы суреттер.


Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жол қозғалысын бақылайтын "SUNQAR" аппараттық-бағдарламалық кешендері іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа камераларадың ерекшелігі – жоғары дәлдік пен сапалы суреттер. Ал интеграцияланған жасанды интеллект нақты уақыт режимінде деректерді талдайды және тәртіп бұзушылықтарды анықтайды.

Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024


"Камера өзінің есептеу қуатын пайдаланып, бұзушылықтарды тіркейді, содан кейін айыппұл салу туралы шешім қабылдау үшін материалдарды автоматты түрде құзыретті органдарға жібереді. Кешеннің басты ерекшеліктерінің бірі - түнгі уақытта да сапалы суретке түсіруге мүмкіндік беретін қуатты инфрақызыл прожектордың болуы", - дейді полицейлер.

Жаңа камералар тіркейтін заң бұзушылықтар:

жүргізуші мен алдыңғы қатарда отырған жолаушының қауіпсіздік белдіктерінің болмауы;
  • қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдалану;
  • сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау;
  • жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан өтпеуі;
  • белгіленген жылдамдықтан асып кету;
  • қиылыстардың алдында сызықты кесіп өту;
  • көлiктерді тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу;
  • бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту;
  • бөлінген жолақтар бойынша қозғалыс.
Жалпы, "SUNQAR" кешені жол қозғалысы ережелерін бұзудың 25 түрлі түрін автоматты түрде тіркей алады. Осы камералар бір аптаның ішінде 20 мыңнан астам құқық бұзушылық фактілерін тіркеді.