Алматы облысында жедел жәрдем көлігі адамдарды қағып кетті

0
308

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілген.


Алматы облысында жедел жәрдем көлігі адамдарды қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Жол апаты 12 қыркүйекте болған.
"Алтын Адам аллеясы көшесімен жүріп келе жатқан жедел медициналық жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен екі қызды қағып кеткен", - дейді ведомство.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілген. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.