Алматы облысында жойқын жарылыстан бір адам мерт болып, үшеуі жарақаттанды

0
879

Жарылыс салдарынан түтін шығатын құбырдың бір бөлігі жеке тұрғын сектордың аумағына ұшып түскен.


Алматы облысында жойқын жарылыстан бір адам мерт болып, үшеуі жарақаттанды

ERNUR.KZ. Алматы облысында өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан бір адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«31 тамыз күні сағат 12.22 кезінде Алматы облыстық ТЖД-ның жедел кезекші бөліміне Қарасай ауданы Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын цехтың жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жоғары қысыммен газбетонды өндірісті жүргізу кезінде автоклав атылып, жарылыстан цех ішінара бұзылған», - деп хабарлады ол.

Жарылыс салдарынан түтін шығатын құбырдың бір бөлігі жеке тұрғын сектордың аумағына ұшып түскен.

«Жарылыс орнында 1961 жылғы ер адамның денесі табылды. Сонымен бірге, оқиға орнынан әртүрлі жарақатпен аудандық ауруханаға үш адам жеткізілді. Бұдан бөлек, цех аумағында тұрған «Mercedes-Benz ML 300» және «Toyota Avensis» көліктері зақымданды», - делінген хабарламада.