Оның неден қайтыс болғанына қатысты ақпарат жоқ
ERNUR.KZ. Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов көз жұмды, деп жазады Stan.kz.
Бас санитарлық дәрігердің көз жұмғаны туралы ақпарат бүгін таңертең келіп түскен. Бұл жағдайды облыстық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Қазір Қайрат Баймұхамбетовтың неден қайтыс болғанына қатысты ақпарат жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Қайғылы хабармен желідегі парақшасында Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет бөліскен болатын.
"Бүгін тікелей басшым Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. Хабарды таңертең естідік. Мен ол кісіге алғыс айтып үлгермегеніме өкінемін. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Қайрат Қажыманұлы", - деп жазды Әлия Шағиахмет.
Қайрат Баймұхамбетов 56 жасында көз жұмды.