Бұл таңба түнгі және жауын-шашын секілді ауа-райы нашарлаған кезде жол қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Алматы облысының жолдарында сары жолақтар пайда болды, деп жазады zakon.kz.
Өңірде қолайлы ауа-райы туындай салысымен, Алматы-Талдықорған-Өскемен республикалық тас жолында жол белгілерін жаңарту және қолдану жұмыстары басталды. Тәжірибе ретінде жолдың ортасына қос сары түсті жолақ сызылды.
Бұл таңба жүргізушілердің назарын шоғырландыруға мүмкіндік береді, осындай жағдайда түнгі және жауын-шашын секілді ауа-райы нашарлаған кезде жол қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатуға болады. Сары түстің қолданылуы заңнамалық актілердің талаптарына қайшы келмейтінін атап өткім келеді. Егер осындай белгілерді пайдалану кезіндегі төтенше жағдайды зерттеу нәтижелері оң нәтиже берсе, онда Қазақстанның заңнамалық актілеріне, оның ішінде жол жүру ережелеріне тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалады, - деді облыстық ПД Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Серікжан Әбжанов.