Алматы полициясы әйелге зорлық көрсеткен ер адамды бостандыққа жібере салған

0
374

Оқиға SPA салонда болған.


Алматы полициясы әйелге зорлық көрсеткен ер адамды бостандыққа жібере салған

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам SPA салонның әйел қызметкерін басынан ұрып, шашынан жұлқылаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желіге жүктелген видеожазбада ер адамның ғимаратқа кіріп, ресепшн орнында тұрған әйелге сөйлегені көрінеді. Одан кейін ашуға мініп, тұрған заттарды шашып, лақтырған. Қызметкер тұрған орынға кіріп барып, әйелге соққы жасайды. Қызметкер еңгезердей еркектен қашып құтылады.

Зәбір көрген әйелдің сөзінше, ол полицияға жүгінсе де, құқық қорғау органының қызметкерлері ер адамды қамауға алмай, еркіне қоя берген. Амалы құрыған әйел қоғам белсендісі Дина Таңсәріге хат жазған.

«Менің атым А. Зорлықшыны Бостандық ауданының полициясы босата салды, сондықтан сізге хат жазып отырмын. Кеше түнде белгісіз ер адам біздің СПА-ға келді. Менен «сыра сатасың ба» деп сұрады. Мен бізде алкогольді сусындар сатылмайтынын айттым. Содан кейін ол мені балағаттап, қорлық сөздер айтып, ресепшнге кіріп басымнан ұрды. Сосын шашымнан сүйреледі», - деп жазған жәбірленуші.

Дина Таңсәрі Алматы полициясынан әйелге зорлық көрсеткен ер адамды неліктен жібере салғанын сұрады.