Алматы прокурорлары 13 банкті жауапқа тартты

0
538

Уәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау қажеттігі туралы ұйғарымдар берді.


Алматы прокурорлары 13 банкті жауапқа тартты

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары бұзылғандығын анықтады, деп жазады baq.kz.

Прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне қолжетімділіктің жоқтығы туралы мәселе көтерді.

ЕДБ мүгедектігі бар адамдар қаржылық қызмет алуға жиі келетін орындардың бірі болып табылатыны белгілі.

Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ.

Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығын қоса алғанда, барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментімен 13 ЕДБ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Уәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау қажеттігі туралы ұйғарымдар берді.

Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдауда.