​Алматы спорт басқармасының басшысы қаңтар оқиғасы кезінде алған жарақатына байланысты қызметтен кететінін мәлімдеді

0
692

Шенеунік бұл туралы өз Instagram парақшасында жазды.


​Алматы спорт басқармасының басшысы қаңтар оқиғасы кезінде алған жарақатына байланысты қызметтен кететінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Алматы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қаңтар оқиғасы кезінде алған жарақатына байланысты қызметтен кететінін мәлімдеді, деп жазады nur.kz.

Шенеунік бұл туралы өз Instagram парақшасында жазды.

Рүстем Байсейітов өз әріптестері мен достарына, спорт сүйер жұртқа үндеу жасады.
"Мен қаңтар оқиғасында оқ жарақатын алған сәттен бастап жеткілікті уақыт өтті, бірақ жарақат әлі де алаңдатып жүр. Жұмыс істеу қабілетім қалыпқа келмеді. Қолымның қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру мен оңалтудың толыққанды курсынан өту қажет болғандықтан, Алматы спорт басқармасының басшысы лауазымынан кетіп, өз денсаулығыммен айналысуды дұрыс деп шештім", - деп жазды ол.

Шенеунік бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарғанын атап өтті. Ол қоғамдық сауалнама және ҰОК шешімі бойынша Алматы соңғы 4 жылдағы барлық кешенді республикалық жазғы және қысқы спартакиадалардың, олимпиадалық цикл ойындары мен жарыстарының үздік спорттық өңіріне айналғанын да айтты. Сондай-ақ, қала басшылығының қолдауымен маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылғанын еске салды.

"Спорт - біздің өміріміз. Спорт менің өмірімде де ерекше орын алады. Оңалту курсынан кейін сіздермен жаңа бастама аясында қайта кездесеміз деген үміттемін. Баршаңыздың қолдауыңызға рахмет", -деді ол.