Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды.
ТЖМ кинологтары адасып кеткен Ұлыбритания азаматын құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданындағы таулы аймағында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты. Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген хабарламада.