Алматы зообағындағы 1200-ден астам хайуанат кез-келген уақытта қырылып қалуы мүмкін

0
1 213

Ал соңғы екі айдағы алты жануардың өліміне сараптама жасаған зообақ мамандары қызметінен қуылған.


Алматы зообағындағы 1200-ден астам хайуанат кез-келген уақытта қырылып қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мұндай мәліметті хайуанаттар паркінің мамандары өздері беріп отыр. Ал соңғы екі айдағы алты жануардың өліміне сараптама жасаған зообақ мамандары қызметінен қуылған. Себебі шұғыл құрылған ветеринарлық комиссия аңдардың мүлдем басқа себептен өлгенін растады, деп жазады Almaty.tv.

Алматы зообағының басына үйірілген қара бұлт сейілер емес. Екі айдың ішінде осымен 6 жануар қырылып қалды. Осыған дейін ол жануарлардың кейбіреуін жергілікті тұрғындар хайуанаттар паркіне ауру күйінде әкеліп тастағандықтан өлді деп айтқан болатын. Әйтсе де ол сылтау қисынға келмейді. Шұғыл құрылған арнайы комиссия мүшелері осылай мәлімдеп отыр. Олардың айтуынша, емдеу диагнозға сай жүргізілмеген. Олар, арыстанның абдандары – Гера мен Асоль, керіктер – Грация мен Алманың, бұлан – Рокки мен ұрғашы жолбарыс – Раданың неден өлгеніне біртіндеп жаңа айғақтар келтірді.

«Арыстанның күшіктері – Гера мен Ассоль зообаққа қолдан алынды. Олар панлейкопения – мысықтұқымдастардың обасы дертінен, ал Грация қос бүйрегінің инфарктінен көз жұмды. Мұның алдында қойылған «тромб үзілген» деген диагноз расталған жоқ. 7 жасар Рокки келген кездің өзінде әлсіз болатын. Ол паразиттерге қарсы профилактикалық шаралардан соң тұра алмады. Себебі ветеринарлар оларды қабылдамас бұрын алған күні-ақ денсаулығын тексеріп, клиникалық тексеру жүргізбеген, материалдарды диагностикаға жібермеген», – деді комиссия төрағасы, зоолог Константин Плахов.

Комиссия төрағасының айтуынша, мал дәрігерлері жануарлардың алғашқы белгісінен кейін бірден тексерісті бастамаған. Мәселен, арыстанның күшігі Ассольді емдегенде талдау нәтижелері қаперге алынбапты. Ал оған кері әсерін тигізетін фуросемид препараты салынған. Сорақысы сол, дәрілер жануарлардың салмағына сәйкес дәрінің дозасын дұрыс бермеген. Ал Ассольді зообаққа әкеліп өткізген адам оның тырнақтарын фотосессия жасау үшін қырқып, жөнді күтім жасамаған деген мәлімет шындыққа жанаспады.

Тағы бір айтарлық мәселе, қауіп әлі сейілген жоқ, яғни, хайуанаттар бағындағы 1200-ге жуық аң-құс пен жан-жануардың тең жартысы қырылып қалуы мүмкін. Өйткені біріншіден, олар өзінің биологиялық өмір сүру жасының шегіне жеткен екен. Екіншіден, бұған дейін Алма есімді жираф қайтыс болған еді. Оның алдында Грация есімді жираф та инфарктан өлген болатын. Ол аз десеңіз, Сұлу мен Хан есімді жирафтар да кез-келген уақытта өліп кетуі мүмкін. Алманың дәл қазіргі таңда неден қайтыс болғаны анықталып жатыр. Егер ол вирустан өлген болса, онда ол вирус Хан мен Сұлуға да жұғуы мүмкін деген болжам айтып отыр мамандар.

«Біздің коллекциямызда жан-жануарлар мен хайуанаттардың 345 түрі бар. Ал, жалпы хайуанаттар саны 3441 бас. Зообақта ағында малды жарамсыз қылып шығару деген термин бар. Ол – аталған хайуанаттар қауіпті аймақта деген сөз. Бүгінде қауіпті аймақта 156 түр, 1263 хайуанат бар», – дейді Алматы хайуанаттар бағы бөлімнің бас маманы Айшан Едгебаева.

Зообаққа келушілер торға қамалған төртаяқтыларды көріп, түрлі ойға шоматындықтарын алға тартады. Бірі «барып тұрған қиянат» десе, екіншісі «бұл мекеннің де керегі бар» дейді.

«Балаларға қызық қой. Шел елдерге барып, бұл аңдарды көрсете алмаймыз. Бірақ хайуанаттардың суын тазалап, тамағын дұрыстап, ұстау керек қой», – деді бір тұрғын.

«Меніңше, үлкен жануарларды кеңістікке жіберген дұрыс сияқты. Адамдар секілді жануарларға да еркіндік керек. Ұстасақ, бәлкім құстарды, ұсақ балықтарды ұстауға болатын шығар», – деді келесі бірі.

Тілшілердің тағы бір байқағаны, бұқараның басым бөлігі зообақта Алма есімді керіктің жұқпалы вирустан өлуі мүмкін деген диогнозынан бейхабар екен. Айта кетейік, бір жылдың ішінде бас-аяғы 20 шақты аң түрлі себептен көз жұмған.