Алматыда 16 гектар жер заңсыз берілгені анықталды

0
464

"Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі" жобасы аясында миллиардтаған теңге үнемделген.


Алматыда 16 гектар жер заңсыз берілгені анықталды

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңт Алматы қаласы бойынша департаменті таратқан мәлімет бойынша, жер қатынастары саласында 1,2 млрд теңгеге 16 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады zakon.kz.

Агенттік өкілдеренің мәлімдеуінше, "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі" жобасы аясында миллиардтаған теңге үнемделген.

Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов сыбайлас жемқорлықпен күресте азаматтық қоғамның ресурстарын пайдалану қажет екенін айтты.

"Бұл тәжірибенің артықшылығы өзара ақпарат алмасуда, нақты шешімдерді бірлесіп талқылауда және әзірлеуде, бағдарламаларды кешенді әзірлеуде және нормативтік құқықтық актілерді қоғамдық сараптамадан өткізуде жатыр. Қоғаммен жақсы үйлестірілген жұмыс экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жедел қарап, сапалы шешуді қамтамасыз етеді", - дейді Дмитрий Малахов.