3 жасар бала саябақта көгершіндермен ойнап жүргенде оқыс оқиға болды.
ERNUR.KZ. Алматыда саябақта жүк көтергіш ауыр көлік үш жасар баланы басып кетті, деп жазады zakon.kz.
Оқиға шіркеу маңында болған. Сол ауданда аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан.
Жүк көтергіш ауыр көлік жанар-жағармай бекетінен шығып, саябақ арқылы келе жатқанда 2018 жылғы бала көгершіндермен ойнап жүрген.
Жүргізушінің айтуынша, оқыс жағдайдың қалай болғанын өзі де білмейді. Ер адам баланы мүлде байқамаған.
Бала алған жарақаттарынан оқиға орында қайтыс болды.
Алматы қалалық полиция қызметкерлері, инспекторлар мен криминологтар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.