Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
ERNUR.KZ. Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады, деп жазады tengrinews.kz.
Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.
"Дерек бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы соталды тергеп-тексеру бастады. Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.Сот үкімі бойынша кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету") бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды"