Алматыда 50 адамның ақшасын жымқырған «L-Капитал» компаниясының жетекшісі ұсталды

0
2 427

Компания кеңселерінде санкцияланған тінту жүргізілді.


Алматыда 50 адамның ақшасын жымқырған «L-Капитал» компаниясының жетекшісі ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласының ПД тергеу басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды.

Ол ҚРҚК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған компанияның салымшыларының түсірген ұжымдық арызына сәйкес, ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған болатынбыз.

Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Компания кеңселерінде санкцияланған тінту жүргізілді.

Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу кешені барысында мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.


«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған»,– деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.