Неке қидырған жұп 35 жыл дос болған.
ERNUR.KZ. Алматыда 85 жастағы күйеу бала мен 96 жастағы қалыңдық заңды некесін қиды, деп жазады tengrinews.kz.
Карантинге байланысты неке жүзігін тағу сәті салтанатты залда емес, АХАТ-тың кішкентай терезесі арқылы өтті.
Ерекше жұптың махаббат дастаны 1985 жылы басталған. Басында жай достық болған. Елена Ивановна опера театрында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шығады. Кейін үйде отыра алмай, тағы жұмыс істейді.
"Жас техниктер станциясында жұмыс істей бастадым. Сол жерде Андрей Михайловичпен таныстым. 35 жыл дос болдық", - деді Елена Ештокина.