Алматыда әріптесін абайсызда атып өлтірген әскери қызметші сотталды

0
401

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген.


Алматыда әріптесін абайсызда атып өлтірген әскери қызметші сотталды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Алмалы аудандық сотында өзінің әріптесін абайсызда атып өлтірген полицейге үкім шықты, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға былтыр жазда болған.
"Сотталушы ғимаратты күзету бойынша ауысымға келген. Әрі қарай сотталушының әріптесі табельдік қаруды алғаннан кейін "К" есімді сотталушыдан белбеуін бекіту үшін қаруды ұстай тұруын өтінген. Табельдік қаруды алған сотталушы қаруды қолданудың барлық ережелерін елемей, қаруды төмен және жоғары тербете бастаған. Салдарынан сотталушының абайсызда атқан оғы марқұмның басына тиген", - делінген қалалық сот хабарламасында.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Ал прокурор 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
"Сот Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігімен сотталушыны 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге моральдық залал және шамамен 3,5 млн теңге материалдық залал өндіріп алынды", - дейді ведомство.

Айыпталушының кінәсін мойындауы және оның жастығы жазаны жеңілдеткен. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ және апелляциялық тәртіпте шағымдануға болады, дейді Алматы соты.