ТҮРКІСТАН: Еңбекті қорғау жүйесіндегі мәселелер талқыланды

0
149

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибелерімен бөлісті.


ТҮРКІСТАН: Еңбекті қорғау жүйесіндегі мәселелер талқыланды

Түркістан облысында «Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекова аудан аумағындағы өндіріс орындары өкілдерінің қатысуымен «Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізіп отырды. Шара барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Наталья Сұңғатқызы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамаға тоқталып, қоғамдағы азаматтардың құқықтарын сақтау мен қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.


Сондай-ақ «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы, Созақ аудандық филиалының төрағасы Мыңжасар Асқаров Еңбек кодексінде көрсетілген азаматтардың құқықтары жайында сөз қозғады.


Жиынға қатысқан өндіріс орындары өкілдері өз кезегінде адам құқықтарын сақтау бойынша атқарылып жатқан профилактикалық шаралар туралы айтып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибелерімен бөлісті.

Бөлісу