Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Қазақстанға қонды

0
182

Экипаж орбитада жеті айдан астам уақыт өткізді, олардың миссиясы 2024 жылдың 11 қыркүйегінде басталды.


Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Қазақстанға қонды

Фото: Росатом

ERNUR.KZ. 20 сәуір таңертен "Союз МС-26" ғарыш кемесі түсіру модулі Жезқазған маңындағы далаға сәтті қонды, деп жазады Stan.kz.

Бортта ғарышкерлер Алексей Овчинин, Иван Вагнер және астронавт Дональд Петтит болған.

Роскосмостың хабарлауынша, 06:20-да "Союз" Халықаралық ғарыш станциясының Рассвет модулінен шығарылды. Кеменің орбитасынан шығуы және қонуы жоспарланғандай өтті.

Экипаж орбитада жеті айдан астам уақыт өткізді, олардың миссиясы 2024 жылдың 11 қыркүйегінде басталды.