Оралда қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалды

0
152

Құтқарушылар 1998 жылы туған азаматты арқалықтың астынан алып шықты.


Оралда қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Оралдағы Деркөл кентінде қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалған, деп жазады zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жедел жеткен құтқарушылар 1998 жылы туған азаматты арқалықтың астынан алып шықты.

Оның аяғы сынған.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

"Тасымалдау үшін ер адамның аяғын медициналық шинамен бекітіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.