Алматыда бір күнде 300-ден астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

0
749

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.


Алматыда бір күнде 300-ден астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

ERNUR.KZ. Алматыда 12 қараша күні 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар Comirnaty Pfizer / BioNTech вакцинасын салдырды, деп жазады kazinform

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мегаполисте бір күнде 300-ден астам адамға Pfizer вакцинасы салынды. Алматы қаласының тұрғыны Вероника Букша №4 қалалық емханада тіркелген. Осыдан 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелді. Вероника алғашқылардың бірі болып вакцина салдырды.

«Мен бала емізетін анамын, сондықтан баламды, өзімді, отбасымды мүмкіндігінше қорғағым келеді, емханадан медицина қызметкерлері шақырып, алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинациясын алдым, мен өте қуаныштымын. Себебі мен осы күнді күткен едім», - дейді қала тұрғыны.

«Мен бұл вакцинаны көптен бері күтіп жүрмін, ол жүкті әйелдерге жасалады. Вакцина келгені белгілі болғаннан кейін олар мені шақырды, бірінші компонентті алдым. Өткен жылы мен COVID-19 ауруымен ауырдым және оның қаншалықты қиын екенін білемін. Менің айналамның бәрі вакцина алғандар», - дейді Қарлығаш Алтаева.

№4 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Мәдиярованың айтуынша, медицина қызметкерлері тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Соңғы екі аптада емханада Pfizer вакцинасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №4 емхана 12 мен 17 жас аралығындағы 4540 бала оқитын 10 мектепке қызмет көрсетеді. Ертең біздің дәрігерлер, яғни эпидемиологтар, салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мектеп оқушыларының ата-аналарына онлайн семинарлар өткізеді. Бүгінде бала емізетін әйелдер, жүкті әйелдер, колледж студенттері, жоғары оқу орындары, сонымен қатар студенттер екпе алды. Бүгінгі таңда вакцинаға 40 бала емізетін анадан, 29 жүкті әйелдерден, 38 мектеп оқушыларының ата-аналарынан келісім алынды», - дейді дәрігер.