Алматыда босанған әйел мен сәбиі жұмбақ жағдайда қайтыс болған

0
871

Қайтыс болған әйелдің 26 жаста болған.


Алматыда босанған әйел мен сәбиі жұмбақ жағдайда қайтыс болған

ERNUR.KZ. Алматыдағы Ұлттық акушерлік және гинекология орталығында жаңа босанған әйел мен баласы жұмбақ жағдайда қайтыс болған, деп жазады Тengrinews.kz.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға мамыр айының ортасында болғанымен, бұл туралы енді белгілі болып жатыр. Дәрігерлер бұл оқиғаны жасырып отыр. Тек қаланың санитар дәрігерлері ғана ақпаратты ресми түрде растады.



Қайтыс болған әйелдің 26 жаста болған. Ол - Алматы тұрғыны. Туыстары атын атамауды сұраған. Баланы өзі босанған. Сәбидің салмағы төрт келіден артық болған. Бірақ босанғаннан кейін аз уақыттан соң анасы көз жұмған. Содан соң баласы шетінеген.

Әйелдің достары мен таныстары әлеуметтік желідегі парақшаларында көңіл айтып, пікір қалдырып жатыр. Алайда туыстары әзірге пікір білдіруден бас тартып отыр. Акушерлік орталықтағылар да үндемейді.

Алдымен журналистер орталық директорына қоңырау шалды, ол тұтқаны қоя салды. Мекеменің баспасөз хатшысымен де тілдесе алмады. Түсірілім тобын орталықтың ішіне кіргізбеген.

Директордың орынбасары Әлия Айымбетованың айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін бірден тергеу басталған. Әйелді босандырған дәрігерлер жұмыстан шеттетілген.

Дереккөздер өлімге қағанақ суының эмболиясы (қан тамырының бітеліп қалуы) себеп болуы мүмкін деп хабарлады. Бұл дегеніңіз қағанақ суы қан ағымына түсіп, салдарынан әйел көп қан жоғалтқан болуы ықтимал.

"Алматылық әйел мен баласының өліміне не себеп болғаны тергеуден кейін белгілі болады. Біз Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдадық. Ол жақтағылар жақын күндері ақпарат беруге уәде етті", - делінген телеарнаның сюжетінде.