Алматыда эхинококкоз ауруы белең ала бастады

0
639

Ауру жұқтырғандардың 15,7% пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.


Алматыда эхинококкоз ауруы белең ала бастады

ERNUR.KZ. Алматы қаласында эхинококкоз ауруы өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өсті. Жыл басынан бері жұқпалы аурудың 17 дерегі тіркелген, деп жазады inform.kz.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қалада эхинококкоз ауруына қатысты нашар ахуал қалыптасып отыр. Ауру жұқтырғандардың 15,7% пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

«Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдануымен сипатталатын паразиттік ауру, онда көптеген кистозды түзілістер қалыптасады, олар мүгедектікке немесе асқынған жағдайларда өліммен аяқталады», - дейді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Айтуынша, аурудың қоздырғышы – гельминт Echinococcus granulosus. Эхинококкоздың қауіптілігі — ұзақ уақыт бойы белгілерсіз 5 жылдан 20 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін екендігінде.

«Бауыр, өкпе және басқа да ішкі органдарға еніп, құрылым түзетін құрттардың әсерінен болатын созылмалы ауру, негізінен, иттен жұғады. Одан малға, соның етімен адамға жұғуы да мүмкін. Сол себепті үйдегі жануарларды ветеринарларға тұрақты қаратып тұру қажет. Эхинококкоз қоздырғыштарының адамға жабайы аңдардан жұғатын жағдайлары да кездеседі», - дейді ол.

Маманың сөзінше, паразит өкпеде болған кезде ентігу, қан түкіру, кеуденің ауырсынуы, жөтел пайда болады.

«Эхинококкоз диагнозы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін (ультродыбыстық зерттеу, рентгенография, компьютерлік томография) қолдану арқылы анықталады. Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық әдіспен жүзеге асырылады. Емдеуден кейін эхинококкозбен ауыратын науқастар диспансерлік еспке алынады», - деп түсіндірді Әсел Қалықова.