Алматыда ер адам балаларын кепілге алды деген ақпарат тарады: Полиция түсініктеме берді

0
574

Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді.


Алматыда ер адам балаларын кепілге алды деген ақпарат тарады: Полиция түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам өз балаларын кепілге алды деген ақпарат желіде тарала бастаған. Полиция аталған мәліметке қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

Әйел полицияға қоңырау шалып, күйеуі қатты мас күйінде болған кезде отбасылық жанжал шығарғанын, нәтижесінде әйел кішкентай баласын ертіп, далаға шығып, полиция шақыруға мәжбүр болған.

Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді, оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, шаралар қабылданады, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Әйел жұбайына қатысты арыз жазудан бас тартты.

Есен Ысқақов отбасының әлеуметтік жағдайы төмен екенін атап өтті. Балаларды кепілге алғаны туралы ақпарат расталмаған.