Ер адам ақымақтық жасағанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады, ол видеоны достарына арнап түсірген
ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны "коронавирус жұқтырғаным үшін өзіме қол саламын" деп видео түсірген. Полиция жұрттың үрейін алған ер адамнан жауап алды, деп жазады sputniknews.kz.
Полиция видеоны интернет кеңістікке мониторинг жасау арысында тауып алды.
Видеода ер адам коронавирус жұқтырғаны үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан.
Қалалық полиция департаментінің бөлімшелері видео авторын анықтап, жауап алды. Ол Алматы тұрғыны болып шықты.
Ер адам видеоны әзіл ретінде достарына арнап түсіргенін айтты. Әлеуметтік желілерге қалай тарап кеткенін білмейді екен.
Д. есімді азамат ақымақтық жасағанын мойындап, барша қазақстандықтан кешірім сұрады.
Полицейлер Алматы тұрғынымен түсіндіру жұмысын жүргізді.