Алматыда әйел мен екі баласын өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

0
371

Үкім Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тағайындалды.


Алматыда әйел мен екі баласын өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

ERNUR.KZ. Алматыда бірге тұрған әйел мен оның екі баласын өлтіріп, артынан үйімен қоса өртеп жіберген ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп жазады baq.kz.

Үкім Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тағайындалды.

Сотталушы мас күйінде пышақ қолданып, бірге тұратын серіктесі мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта келіп, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген. ҚК-нің 202-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы, 99-баптың 2-бөлігінің 1, 3), 5), 10)-тармақтары, 99-баптың 3-бөлігі, 188-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген, – деп хабарлады Жоғарғы сот.

Соттың шешімі бойынша сотталушы өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, былтыр қыркүйек айында Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген 1982 жылғы күдіктінің ұстағаны жайлы жазған едік.