Компанияны Баян Алагөзова, сондай-ақ басқа да қазақстандық вайнерлер жарнамалаған.
Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес соталды тергеу тізілімінде тіркелген қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD technology" ЖШС, "MUDARABAH CAPITAL" ЖШС және "MUSHARAKAH CAPITAL" ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде, Алматы қаласының полициясы "ACD Tehnology" негізін қалаушы 1971 жылы туған М. есімді азамат ұсталғанын хабарлады.
"Бұған дейін басты ұйымдастырушы К. есімді азамат ұсталып, қамауға алынғаны айтылған еді. Кейінірек тағы екі күдікті – Р. есімді әйел мен М. есімді ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілері жүргізіп жатыр. Жоғарыда аталған ЖШС жұмысшыларының қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер болса мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады: 8 777 025 65 86 және 8 701 624 28 24", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Қазір полиция істі қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес "қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша жүргізіп жатыр. Олар мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтарды алдаған Astex.kz инвестициялық компаниясы төңірегіндегі шу желіде қызу талқыланып жатыр. Компанияны Баян Алагөзова, сондай-ақ басқа да қазақстандық вайнерлер жарнамалаған.