Алматыда қант тапшылығы бар ма – әкімдік жауап берді

0
501

Мамандардың айтуынша, сауда орындарында, өндіріс кәсіпорнында 1200 тонна қант қоры бар.


Алматыда қант тапшылығы бар ма – әкімдік жауап берді

ERNUR.KZ. Алматыда қант тапшылығы бар деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы кәсіпкерлік басқармасы мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Мамандардың айтуынша, сауда орындарында, өндіріс кәсіпорнында 1200 тонна қант қоры бар. Жақын арада тағы да 30 00 тонна қант жеткізу жоспарланған.
Тұрғындар ай сайын қанттың 3000 тоннасын пайдаланады. Сол себепті қордағы қант жетуі керек, дейді басқарма өкілі.
Ірі сауда орындарының бірінде қант келісі 445 теңгеден сатылуда. Одан бөлек бір қолға 5 кг артық берілмейді.
"Бір қолға 5 келіден дегені бұл баға нарықтағы арзан бағаның бірі. Сол себептен осындай талап. Бұған дейін бағаны көтеру сынды әрекеттер тіркелгені белгілі. Тұрғындарға айтарым: қалада қант тапшылығы жоқ. Сондықтан көп мөлшерде қант сатып алудың қажеті жоқ",- деді кәсіпкерлік және инвестиция басқарма басшысының орынбасары Ерлан Омаров.