Алматыда эпиджағдайға қатысты "сары" аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап "қызыл" аймақтың карантин шектеулері алып тасталды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.
Алматы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткеннен кейін жеті күннен соң карантин шектеулері жеңілдеді.
Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі осыған байланысты жаңа қаулы шықпайтынын, барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысында көрсетілгенін айтты.
Айта кетейік, Алматы 25 қазанда "сары" аймаққа өткен болатын.