Кеше қатты жауған жауыннан Almaty Arena мұзды кешені суға толып кеткен.
ERNUR.KZ. Кешен өкілінің айтуынша, жаңбыр суын бұру жүйесі толассыз жауған жауынға төтеп бере алмай, үш жайды су басқан, деп жазады Stan.kz.
"Қалыптан тыс жауын-шашын салдарынан пайдаланылған шатырдың жаңбыр суын ағызатын жүйесі істен шығып, үш бөлмені су басты. Қазіргі уақытта су толығымен шығарылды, опырылған жер жоқ, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Almaty Arena-да.
Айта кетейік, 24 маусым күні Алматыда қатты жаңбыр жауа бастаған, оның салдарынан көліктер мен ғимараттар зардап шекті.