Бақытжан Бәкіров "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.
ERNUR.KZ. Алматыда 12-қабаттың терезесінен секірген қылмыскерді ұстаған полиция қызметкері марапатталды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгін әріптесіміз Бақытжан Бәкіровті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады. Біз оның үйіне барып, хал-жағдайын біліп, тезірек сауығып кетуін тіледік. Қызметке берілген осындай жанқиярлықты үлгі ете отырып біз полициядағы жас қызметкерлерге тәрбие береміз және азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда нағыз кәсіби әрекет қалай жасалатынын нақты мысал ретінде көрсетеміз. Майор Бәкіровке ризашылығымды білдіремін. Осындай ұлды тәрбиелеп өсірген ата-анасына ерекше алғыс айтамын», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар, министр және ПД басшысы Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің тағы жеті қызметкерін марапаттады, олардың арқасында баланы қорлаған аса қауіпті қылмыскер лайықты жазасын алады.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыс 11 шілдеде Түрксіб ауданында жеке үйлер алабында болған. Түсте күдікті Покровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірген. Үйде 2 бала - төрт жастағы ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөй пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған.
Кейін Әл-Фараби даңғылындағы үйде жасырынған күдікті полициядан қашып 12-қабаттан секіріп кеткен. Сол кезде майор Бақытжан Бәкіров оның артынан бірге секіріп, қылмыскерді қуып жеткен.