Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер.
ERNUR.KZ. Алматыда хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды, деп жазады tengrinews.kz.
Алматы Полиция департаменті хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталғанын хабарлады.
"Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматтары", - делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптама тағайындалғаны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.
Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.
Үкімет хостелдегі өртті тергеу бойынша комиссия құрды. Сондай-ақ, өрт дерегі бойынша қылымыстық іс қозғалғаны белгілі болды.