Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын - бас санитария дәрігері

0
425

Бас дәрігер коронавиурсқа қарсы екпеден жалтарып жүргендер әлі де бар екенін тілге тиек етті.


Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын - бас санитария дәрігері

ERNUR.KZ. Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын. Бұл туралы брифинг барысында мегаполистің бас санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қалада коронавирустың тәуліктік өсім 0,03-ке дейін төмендеген.

«Алматыда COVID-19 індетінің бесінші толқыны аяқталуға жақын қалды. Аурудың айтарлықтай жылдам төмендеуі ұжымдық иммунитеттің жоғарылауымен байланысты, ол 59 пайыздан асты (соңғы 6 айда вакцина алғандардың 54,6 пайызы және сауыққандардың 4,5 пайызы). Инфекция көздерінің азаюы үшін 6 айдан астам уақыт бұрын вакцина алған 254 885 ревакцинациядан өтті», - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Сонымен қатар, бас дәрігер коронавиурсқа қарсы екпеден жалтарып жүргендер әлі де бар екенін тілге тиек етті.