Алматыда көшедегі әжетхана құдығына екі бала мен әжесі құлап мерт болды

0
541

2020 және 2009 жылы туған балалар қаза болды, оларды әжесі мен әкесі құтқаруға тырысқан, алайда тек әкесі тірі қалды.


Алматыда көшедегі әжетхана құдығына екі бала мен әжесі құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Наурызбай ауданы Абай аулында екі бала мен олардың әжесі көшедегі әжетхананың кәріз құдығына құлап қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Құдыққа бірінші болып 2020 жылы туған қыз құлаған. 2009 жылы туған ағасы қарындасын өзі шығарып алмақ болған. Мұны көрген әжесі мен әкесі де оларды құтқаруға тырысқан. Қыз кәріз құдығына батып кетті, оның әкесі ғана тірі қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.

РЖДЖ құтқарушылары бала мен әжесін құдықтан шығарған, бірақ олардың өмірін құтқара алмады.

"Республикалық жедел құтқару жасағы ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, мұқият және сақ болыңыздар", - деді құтқарушылар қазақстандықтарға.