Алматыда құны 6 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

0
440

2014 жылы Алматы қаласы Медеу ауданындағы жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен.


Алматыда құны 6 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Алматыда әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды, деп жазады sputnik.kz.

Анықталғандай, 2014 жылы Алматы қаласы Медеу ауданындағы жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен. Жердің нарықтық құны 6 млрд теңгеден асады.
"Алайда бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескеріп, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызбен жүгінді", - делінген хабарламада.
Былтыр 24 қарашада Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген.
Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.