Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.
ERNUR.KZ. 1 мамырда сағат 05:18-де Алматыдағы Әуезов ауданы 7-ықшам ауданындағы төрт қабаттың үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
30 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 05:45-те ауыздықталып, 05:52-де сөндірілді.
Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылды.
Өрт орнынан 1990 жылы туған Б. атты азамат 7-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, сонымен қатар 1997 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.