Алматыда соңғы анықталған коронавирус науқастардың бірі - стюардесса

0
811

Ол - Берлин-Алматы чартерлік рейсінің стюардесса.


Алматыда соңғы анықталған коронавирус науқастардың бірі - стюардесса

ERNUR.KZ. Алматыда соңғы анықталған коронавирус жұқтырғандар ішінде стюардесса да бар. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Коронавирус инфекциясы расталғандардың бірі - Берлин-Алматы чартерлік рейсінің стюардессасы, ол 12 наурызда келген бетте жұқпалы аурулар ауруханасына карантинге жатқызылған, - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, екіншісі - шетелден келген адаммен байланыста болған қала тұрғыны. Үшіншісі 19 наурызда түнде Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келіп, уақытша ауруханаға орналастырылған.
Алматыда коронавирус анықталған 20 науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық деңгейде, екеуінің жағдайы – орташа ауыр. 696 адам коронавирус күдігімен уақытша ауруханаға жатқызылған, 1 108 адам үй карантинінде.