Алматы әкімдігі бұл жағдай бойынша жақын арада түсінік беретіндерін мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде су құбыры жарылу себепті жолдың опырылып түскен бейне жазбасы тарады, деп жазады baq.kz.
Instagram желісінде kazantsev_problema аккаунты таратқан бейне жазбада опырылып түскен аумақ Алатау ауданындағы Ақшағыл көшесінің бойы екені айтылады.
Екі күн бұрын су құбыры жарылды, ешкім ештеңе жасамады. Ал таңертең бұл аумақ мынандай болып опырылып түсті, - деп жазды әлеуметтік желіні қолданушы.
Алматы әкімдігі бұл жағдай бойынша жақын арада түсінік беретіндерін мәлімдеді.