Қалада су басу қаупі жоғары 26 учаске бар.
ERNUR.KZ. Алматыда биыл су басу қаупімен күреске 6 481 адам жұмылдырылмақ, деп жазады ҚазАқпарат.
«Биыл көктемде су басу қаупімен күреске 6 481 адам жұмылдырылды. 1370 техника, 26 жүзу құралы, 144 мотопомпа, 102 автономды электростанса дайындалды. Сондай-ақ, 13 қапшық, 70 тонна инертті материал, 42 тонна дизель отыны дайын», - деді онлайн-брифинг барысында қалалық ТЖД басшысының орынбасары Арман Байгелов.
Оның айтуынша, қалада су басу қаупі жоғары 26 учаске бар.