Алматыда тағы бір студент өз-өзіне қол жұмсады

0
166

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады.


Алматыда тағы бір студент өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Алматыда тағы бір студент қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

- Университет студентінің қайтыс болғаны туралы қайғырып хабарлаймыз. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына толық жәрдем көрсетеді, - деп хабарлады Almaty Management University.

Алматы қаласы Полиция департаменті студент өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кеткенін жазғанбыз. Оған дейін 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп, мерт болды.

Өткен аптада Алматыда көпқабатты үйден құлаған екі жасөспірім көз жұмды.